Созақ ауданы, Ә.Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәндері мұғалімдерінің қатысуымен «Тілді дамытудағы ұстаз рөлі және адалдық құндылықтары» тақырыбында кеңейтілген дөңгелек үстел өткізілді. Шараның негізгі мақсаты — тіл үйрету және адалдықты насихаттау бағытында ұстаздардың тәжірибелері мен жаңа әдіс-тәсілдермен танысу, сондай-ақ оқу үдерісінде ұстаздардың рөлін арттыру болып табылды.
Іс-шара барысында білім беру жүйесінің заманауи талаптарына сай тілдерді оқыту әдіс-тәсілдері, әсіресе қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқытудағы инновациялық тәсілдер кеңінен талқыланды. Онкүндік қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар мен жобалардың тиімділігі бағаланып, болашақта тілді дамыту мен адалдық құндылықтарын ұштастыратын жаңа шаралар енгізу қажеттігі айқындалды.
Дөңгелек үстел барысында бірқатар маңызды баяндамалар оқылып, қатысушылар өзара тәжірибе алмасты:
-
«Адал азамат бағдарламасын тілдік пәндері сабақтарында жүзеге асыру жолдары» тақырыбы бойынша ұстаздар адалдық пен парасаттылық принциптерін білім беру процесіне енгізудің жолдарын талқылады. Әсіресе, жас ұрпаққа әділдік, парыз және құқықтық мәдениет туралы түсінік беру мәселесі маңызды көтерілді.
-
«Жасанды интеллект және пайдалы платформалар» тақырыбына арналған баяндамада ұстаздар цифрлық технологиялардың білім берудегі рөлін және тілдерді оқытуда қолданылатын жаңа ақпараттық платформаларды қалай тиімді пайдалану қажеттігін талқылады. Бұл ұсыныстар оқушылардың білім алуына оң әсер етіп, оқу үдерісін жақсартуға мүмкіндік береді деп бағаланды.
-
«Қысқа мерзімді жоспардың құрылымы: тәжірибеден мысалдар» баяндамасы барысында мұғалімдер сабақ жоспарларының құрылымын жетілдіру және оқыту процесін тиімді ұйымдастыру туралы өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар қысқа мерзімді жоспарлардың тұрақты жаңартылып отыруы мен оқушы қажеттіліктеріне сәйкестігі туралы ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында ашық пікір алаңы ұйымдастырылып, ұстаздар алдағы оқу жылына ұсыныстарын білдіріп, ұсынылған бағыттар мен идеяларды талқылады. Олар оқушылардың білімін жақсарту және тіл үйретудің жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу бағытында өз ойларын айтты. Мұғалімдер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақ өткізудің тиімді әдістерін таңдау және оқушылардың тілдік қабілеттерін дамыту үшін әртүрлі әдістемелік жаңалықтарды қолдану қажеттігін атап өтті.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша ұстаздар тарапынан бірнеше ұсыныстар жасалды:
-
Тілдерді оқытуда интерактивті әдістерді қолдану мен цифрлық білім беру құралдарын дамыту қажет.
-
Оқушылардың білім деңгейін арттыру үшін топтық жұмыстарды енгізу, талқылау алаңдарын көбейту, және практикалық тапсырмаларды жүйелі түрде өткізу ұсынылды.
-
Сонымен қатар, тілдерді оқытуда құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығы, әсіресе адалдық, әділеттілік және ұлтжандылық мәселелері жоғары көтерілді.
Шараның негізгі мақсаты — тілді дамыту мен адалдықты үйретудегі ұстаздардың рөлін арттыру, бұл өз кезегінде білім сапасын жақсартуға және қоғамның рухани, мәдени дамуына үлкен әсер етеді. Мұғалімдер әрқашан ұрпақ тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратынын атап, болашақта да осы бағытта тығыз жұмыс істеу керектігін мәлімдеді. Сонымен қатар, білім беру үдерісіне жаңа технологиялар мен инновациялық әдістерді енгізу қажет екенін сөз етті.
Бұл дөңгелек үстелдің нәтижесінде ұстаздар арасында тілді дамыту мен адалдық құндылықтарын насихаттау мәселелері бойынша ортақ көзқарастар қалыптасып, алдағы оқу жылына арналып нақты бағыт-бағдарлар ұсынылды.
Дөңгелек үстелдің өткізілуі — тіл үйрету мен адалдықты насихаттау бойынша маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Мұғалімдер мен білім беру саласының өкілдері арасында аталған мәселелер бойынша пікір алмасу мен тәжірибе бөлісу — жаңа идеялардың туындауына және оқу үдерісін жетілдіруге септігін тигізеді. Тілді дамыту мен адалдық құндылықтарын ұштастыру — тек білім беру процесін ғана емес, жалпы ұрпақ тәрбиесін жақсартудың маңызды аспектісі болып саналады. Өйткені, қазіргі қоғамның дамуында тілдік мәдениет пен адамгершілік құндылықтар бір-бірімен тығыз байланысты.
Бұл шараның тағы бір ерекшелігі — цифрлық технологиялардың білім беру үдерісіндегі рөлінің артқандығы. Қазіргі таңда жасанды интеллект пен сандық платформалардың білім беруде қолданыс табуы оқушылардың тілдік дағдыларын жетілдіріп, оқыту процесін жеңілдетуге үлкен әсер етеді. Технологиялардың тиімділігі мен интерактивті әдістерді қолдану, сондай-ақ топтық жұмыстар мен практикалық тапсырмаларды енгізу арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру ұсынылды. Бұл тың тәсілдер оқушылардың білім алуына тың серпін беріп, тілді игеру жолында жаңа мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз.
Дөңгелек үстелдің нәтижесінде тіл үйретудегі жаңа әдістер мен құндылықтарды дәріптеу жолдары туралы ортақ пікір қалыптасты. Ұстаздар мен білім саласының мамандары алдағы оқу жылында тілдерді оқытуға байланысты өздеріне жаңа міндеттер қойып, сол бағытта жұмыс жасауға ниетті екенін білдірді. Бұл бастамалар қоғамның рухани және мәдени дамуына оң әсерін тигізіп, оқушылардың білім алуына жаңа деңгей қосары анық.
Comments