Ордабасы ауданы Мансап орталығының Төрткүл ауыл округі бойынша ассистенті Уразкулова Лаззат тұрғындарға Атаулы әлеуметтік көмек бойынша кеңес жүргізді.
Бұл шара Төрткүл ауыл округінің тұрғындарына атаулы әлеуметтік көмек алу процесін түсіндіру және қажетті ақпараттар беру мақсатында ұйымдастырылды. Мансап орталығының ассистенті Уразкулова Лаззат азаматтарға атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру тәртібі, шарттары мен талаптары туралы кеңес берді. Сонымен қатар, көмек алуға өтініш білдіру үшін қажетті құжаттар тізімі мен өтінім беру әдістері де егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Лаззат ханым, өз кезегінде, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, олардың қолданыстағы әлеуметтік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктерін түсіндірді. Атаулы әлеуметтік көмек – халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды құрал. Бұл кеңес, әсіресе, табысы төмен отбасыларға, көп балалы аналарға және мүгедектігі бар азаматтарға үлкен көмек болды.
Мансап орталығының негізгі мақсаты – азаматтарды қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік қолдау шараларымен таныстыру, оларды құқықтық сауаттылықты арттырып, қажетті көмек алу жолдарын түсіндіру болып табылады.
Бұл ақпараттық кездесу ауыл тұрғындарына жергілікті билік органдарымен тікелей байланыс орнатуға, мемлекеттік көмекке дұрыс қол жеткізуге мүмкіндік туғызды.
Comments