Ордабасы ауданының Мансап орталығының мамандары 18 колледжді аралап, бітіруші түлектермен кездесті. Бұл шараның негізгі мақсаты – жас мамандарды еңбек нарығына бейімдеу, оларды мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға бағыттау және болашақ кәсіби жолында қажетті қолдау көрсету.
Түлектерге арнайы кеңестер беріліп, оларды еңбек нарығына дайындықтарын арттыру мақсатында түрлі ақпараттармен таныстырды. Сонымен қатар, Еңбек биржасына тіркеу жұмыстары жүргізіліп, жастарға жұмыс іздеу процесін жеңілдету үшін арнайы көмек көрсетілді.
Жастардың алғашқы еңбек жолына сенімді қадам жасауына қолдау көрсету – бүгінгі таңда ең маңызды міндеттердің бірі. Бұл шаралар арқылы жастар қоғамда тұрақты жұмыс орнын табуға, өз кәсіби даму жолдарын сәтті бастауға және еңбек нарығында белсенді болуға мүмкіндік алады.
Мансап орталығының жұмысы жас мамандарға жұмыс іздеу кезінде туындайтын қиындықтарды жеңуге және олардың болашақта өз орнын табуына ықпал етеді. Ең бастысы – жастарға дұрыс бағыт беру, қажетті дағдылар мен ақпараттар ұсыну, олардың сенімді әрі жауапкершілікті түрде еңбек жолын бастауына жол ашу.
Comments