Сағат Балауса Байғалиқызы 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында өз мамандығы бойынша алғашқы еңбек жолын Ордабасы ауданына қарасты «Бәйтерек» жалпы білім беретін мектебінде бастады.
Бұл бағдарлама жастарға өз білімдерін тәжірибеде сынап көруге, кәсіби дағдыларын жетілдіруге және еңбек нарығында маңызды орын алуға мүмкіндік береді. Балауса химия пәні бойынша алған теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, оқушылармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып, өз ісіне деген жауапкершілігін арттырды.
Жас маман ретінде оқу-тәрбие процесіне белсенді араласып, шығармашылық әлеуетін көрсетті. Ол педагогикалық саладағы жауапкершілікті талап ететін жұмыстарға адалдығымен ерекшеленді. Балаусаның педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзыреттілігі еленіп, 2025 жылдың наурыз айында аталмыш мектепке химия пәнінің мұғалімі ретінде тұрақты жұмысқа қабылданды.
Бұл жағдай «Жастар практикасы» бағдарламасының жастарды қолдап, олардың кәсіби тәжірибе алуына мүмкіндік беретін аса маңызды құрал екендігін дәлелдейді. Жастар өз күшін тек теориялық біліммен ғана емес, сонымен қатар нақты тәжірибемен де тексере отырып, еңбек нарығында тұрақты орын табуға мүмкіндік алады.
Жастар практикасы – бұл жас мамандардың еңбек нарығына бейімделуіне, олардың кәсіби өсуіне және қоғамға пайдалы қызмет көрсетуіне жол ашатын маңызды бастама. Бұл бағдарлама арқылы жастар өз болашағын сенімді түрде құрып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға бағыт алады.

















Comments