ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ – бұл жұмыссыздықты азайтуға және азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған нақты қадам!
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ – жұмыс беруші мен мансап орталығы арасындағы шарт негізінде жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы құрылған, жалақысы субсидияланатын жұмыс орындары болып табылады. Бұл жұмыс орындары азаматтарға еңбекке орналасу мүмкіндігін ғана емес, сондай-ақ тұрақты табыс табу мүмкіндігін де ұсынады.
Жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын негізгі талаптар:
Жасы 16 жастан бастап Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жұмысқа орналаса алады;
Жұмыссыз ретінде тіркелу – бұл шарт әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу үшін міндетті талап болып табылады.
Субсидияның 1 айдағы мөлшері:
Жұмыссыздарға арналған субсидия жұмыс істейтін адамның жалақысының белгіленген мөлшерінің 35%-ын құрайды, бірақ ол 20 АЕК (Айлық есептік көрсеткіш) көрсеткішінен аспауы тиіс.
Жалақыны субсидиялау мерзімі – 12 ай. Бұл мерзім ішінде жұмыс беруші қызметкердің жалақысын толық немесе жартылай субсидиялай отырып, жұмысқа қабылдай алады, ал қызметкер өз еңбек тәжірибесін жинақтап, болашақта тұрақты жұмысқа орналасуына жол ашады.
Әлеуметтік жұмыс орындары – бұл жұмыссыздықты жеңудің бірден-бір жолы ғана емес, сондай-ақ қоғамның әл-ауқатын арттыруда маңызды құрал. Бұл бағдарлама арқылы жастар мен жұмыссыз азаматтар өз өмірлерін жақсартуға және тұрақты жұмыс орындарына ие болуға мүмкіндік алады.
Comments