Мансап орталығының мамандары Ордабасы ауданында тұрғындарға «Алғашқы жұмыс орны» және «Жастар практикасы» мемлекеттік бағдарламаларының шарттары мен мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шара барысында аудан тұрғындарына бұл бағдарламалардың жастар үшін маңызды мүмкіндіктер ұсынатыны және оларды жүзеге асыру жолдары кеңінен түсіндірілді.
«Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы 35 жастан аспаған жұмыссыз жастарға кәсіби білім мен дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама аясында жастар алғашқы жұмыс орнында еңбек етіп, өз саласы бойынша тәжірибе жинақтап, тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады. Жұмыс орны 18 айға дейін беріліп, кейіннен 12 ай мерзімге тұрақты жұмыс орны беріледі.
Ал «Жастар практикасы» бағдарламасы да жастар үшін өздерінің кәсіби біліктіліктерін арттыруға, жұмыс тәжірибесін жинақтауға және еңбек нарығында қажетті дағдыларды дамытуға бағытталған. Бұл бағдарламаға қатысушылар белгілі бір уақыт ішінде мемлекеттік және жеке кәсіпорындарда практикадан өтіп, жұмысқа орналасу мүмкіндігін алады.
Мансап орталығының мамандары қатысушыларға бағдарламаларға қатысу үшін қажетті құжаттар мен тіркеу тәртібі туралы толық ақпарат беріп, жастарды осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану жолдары туралы кеңестермен қамтамасыз етті. Қатысушылар бағдарлама аясында жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатып, болашақта тұрақты жұмысқа орналасу жолдарын айқындады.
Comments