Аймақ

«АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ОРНЫ» — ЖАСТАР ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІК

«Алғашқы жұмыс орны» — бұл 35 жастан аспаған жастар үшін жұмыстың алғашқы кезеңінде кәсіби білім мен дағдыларды меңгеруге бағытталған ерекше жоба. Бұл бастама жастарға алғашқы еңбек тәжірибесін жинап, олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына жағдай жасайды. Жоба қатысушыларына кәсіби дағдыларын шыңдап, өз саласындағы қажетті білімін тереңдетуге мүмкіндік беріледі.

Алғашқы жұмыс орны жобасы жұмыссыз жүрген 35 жасқа дейінгі жастарға арналған және еңбек мобильділігі орталықтарымен шарттар негізінде жүзеге асырылады. Бұл жоба жастардың алғашқы еңбек тәжірибесін алуына, сондай-ақ тұрақты жұмыс орнына орналаса алуына жол ашады. Жұмыс уақыты 18 айдан аспайды, ал аяқталған соң қатысушыға кемінде 12 ай мерзімге тұрақты жұмыс орны беріледі.

Жалақы мөлшері кемінде 30 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды. Бұл жалақының алғашқы 18 айлық кезеңі толықтай еңбек мобильділігі орталығы тарапынан жабылады, ал кейінгі 12 айда жалақыны жұмыс беруші айқындайды.

Жұмыссыздарға қойылатын талаптар:

  • 35 жастан аспаған жастар,
  • Кәсіби білімі мен жұмыс тәжірибесі жоқ адамдар,
  • Жұмысқа деген ынта мен кәсіби дағдыларды дамытуға дайын болу.

Ұзақтығы: 18 айдан артық емес.
Жалақысы: Кемінде 30 АЕК-ті алғашқы 18 ай ішінде еңбек мобильділігі орталығы жабады, ал кейінгі 12 айда жұмыс беруші өзінің мүмкіндігіне қарай жалақы мөлшерін айқындайды.

Бұл жоба жастарға өз мамандығы бойынша алғашқы тәжірибе жинап, еңбек нарығында тұрақты жұмыс орнына қол жеткізуіне көмектеседі. Толық ақпарат алу үшін біздің орталыққа хабарласыңыз.

 

КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Алдыңғы

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған тағылымды шара өтті

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *