Аймақ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ БОЙЫНША ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАРДЫҢ ТІЗБЕСІ

«Ордабасы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Атаулы әлеуметтік көмек кімге беріледі?

Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа кірісі кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын қандастарға, босқындарға, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.

Атаулы әлеуметтік көмек Кодекстің 120-бабының 4-тармағына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі.

Шартсыз ақшалай көмек:

1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын кірісі аз адамдарға:

осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына;

бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне;

екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты;

2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе еңбекке қабілетті жалғыз мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын кірісі аз отбасыларға көрсетіледі.

Шартты ақшалай көмек

  1. Шартты ақшалай көмек осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдарды (отбасыларды) қоспағанда, жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын кірісі аз еңбекке қабілетті адамдарға, сондай-ақ отбасы құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар кірісі аз отбасыларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан жағдайда және (немесе) қажет болғанда әлеуметтік бейімдеу кезінде көрсетіледі.
  2. Әлеуметтік келісімшарт жасасу шартты ақшалай көмек тағайындаудың міндетті талабы болып табылады.

Шартты ақшалай көмекті алушылармен әлеуметтік келісімшарт шартты ақшалай көмек тағайындау кезеңіне жасалады.

Әлеуметтік келісімшарттың, жеке көмек көрсету жоспарының нысандарын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.

  1. Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт кірісі аз адам (отбасы) әлеуметтік келісімшарттың талаптарын және жеке жоспардың іс-шараларын, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу және жұмысқа орналастыру жөніндегі іс-шараларды толық көлемде орындамаған, сондай-ақ шартты ақшалай көмекті заңсыз тағайындауға және (немесе) төлеуге алып келген жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар ұсынылған кезде бұзылады.

Әлеуметтік келісімшартты бұзу адамға (отбасына) шартты ақшалай көмектің төленуін тоқтатуға негіз болып табылады.

  1. Шартты ақшалай көмекті төлеу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу:

1) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;

2) күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларға, студенттерге, тыңдаушыларға, курсанттар мен магистранттарға;

3) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруы бар адамдарға;

4) үш жасқа дейінгі балаға күтім жасайтын ата-ананың біреуіне, мүгедектігі бар балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын адамдарға міндетті шарт болып табылмайды.

Үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын адам ретінде отбасының еңбекке қабілетті бір ғана мүшесі жатқызылуы мүмкін;

5) тұрақты жұмысы бар адамдарға міндетті шарт болып табылмайды.

Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адам (отбасы) атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына, ал тұрғылықты жері бойынша мансап орталығы болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне (бұдан әрі – әкім) жүгінеді. Сонымен қатар, «электрондық үкіметтің» веб-порталы www. egov. kz (бұдан әрі – «портал»), ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы өтініш білдіруге болады.

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексі (Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Кодексі),Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығы.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 бұйрығы Атаулы әлеуметтік көмек

10 «Ордабасы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Есту қабілеті нашар мүгедектігі бар адамдарға берілетін құралдардың мерзімін қысқарту Есту қабілеті нашар мүгедектігі бар адамдарға абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес сурдотехникалық құралдар белгіленген мерзімде мемлекет тарапынан тегін беріледі. Абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес сурдотехникалық құралдар төменде белгіленген мерзімде қайта беріледі:

ҰОС қатысушылары мен ҰОС мүгедектігі бар адамдарына есту аппараты-3 жылдан ерте емес;

Мүгедектігі бар адамдарды қалған санаттарына есту аппараты-4 жылдан ерте емес;

Веб-камерасы бар ноутбук-5 жылдан ерте емес;

Көп функциялы сигнал беру жүйесі-5 жылдан ерте емес;

Мәтіндік хабарламалы және хабарлар қабылдайтын ұялы телефон-5 жылдан ерте емес;

Саңырау және нашар еститін адамдарға арналған сағат-5 жылдан ерте емес;

Кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессоры- оларды орнатқан (ауыстырған) күннен бастап 5 жылдан ерте емес;

Дауыс шығаратын аппарат-5 жылдан ерте емес мерзімде. Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығы. Мүгедектігі бар адам.

 

«ЖАҢА ЖОБА — ЖАҢА МҮМКІНДІК»

Алдыңғы

Мансап орталығының мамандары түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *