Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы мерекесіне орай, Қазығұрт аудандық полиция бөлімі жеке құрамның дайындығы мен қызметтік автокөліктердің даярлығын тексеру мақсатында саптық байқау өткізді. Бұл шараның басты мақсаты – полиция қызметкерлерінің қызметтік тәртібі мен жинақылығы және олардың қызметке даярлығының деңгейін анықтау болды.
Шара барысында тәртіп сақшыларының сыртқы бейнесі мен жинақылығы жеке бағаланып, олардың ішкі істер органдарының саптық жарғы ережелерін меңгеруі, сондай-ақ қызметкерлердің киім киісі талаптарына сай болуы қадағаланды. Бұл тексерулердің басты мақсаты – қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру және қызметте жоғары деңгейдегі тәртіпті қамтамасыз ету.
Полиция қызметкерлерінің жұмыс барысындағы ұқыптылығы мен жинақылығын реттейтін мұндай гарнизондық шаралар менің қатысуыммен әр ай сайын өткізіледі. Бұл байқаулар қызметкерлердің профессионализмін арттырып, олардың қызметтік міндеттерін жоғары деңгейде орындауын қамтамасыз етеді.
Comments