Аймақ

БӘЙДІБЕК: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков Бәйдібек ауданы активімен, зиялы қауым өкілдерімен және жергілікті тұрғындармен кездесті.
Кездесу жиынына аудандық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық кеңестің мүшелері, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиынның күн тәртібінде Бәйдібек ауданының экологиялық жағдайы туралы талқыланды.
Аудандық мәслихаттың төрағасы Түймебаев Имангелді Қансейітұлы аталған мәселе бойынша баяндап, тұрғындар тарапынан ұсныстар айтылды.
Ұласбек Сәдібеков Бәйдібек ауданына қатысты өзекті мәселелердің Парламент Мәжілісі деңгейінде тұрақты түрде көтеріліп отырғанын атап өтіп, алдағы уақытта да көтерілген мәселелердің шешілуі бағытында тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, жүйелі жұмыстар атқарылатынын жеткізді.
Кездесу қорытындысында аудан тұрғындары атынан Мәжіліс депутатына ауданға жасаған сапары үшін алғыс айтылып, мемлекет мүддесі жолындағы жұмысына табыс тілек білдірілді.

БӘЙДІБЕК: АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ҒИМАРАТЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Алдыңғы

БӘЙДІБЕК: ҰЛАСБЕК СӘДІБЕКОВ АУДАНДАҒЫ БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *