Аймақ

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСЫП, ҚАРЫЗЫ ТҮГЕЛ ЖАБЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Жолдауларында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселесіне айрықша назар аударып келеді. Президент тапсырмасымен және «AMANAT» партиясының бастамасымен қолға алынған «Қарызсыз қоғам» ұлттық жобасы бүгінде жалпыұлттық деңгейге көтеріліп, тиімді іске асырылып жатыр.
Өткен жылдың қорытындысымен Түркістан облысы аталған жоба бойынша республикада ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Бұл — жергілікті әкімдіктер мен партия филиалдарының үйлесімді жұмысының нәтижесі.
Жобаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2024 жылдан бастап тек берешек мерзімі 90 күннен асып кеткен азаматтар қатыса алады. Жыл басынан бері өңірде 2000 адамға заңгерлік көмек көрсетілсе, 3000-нан астам азамат қаржылық сауаттылық бойынша жеке кеңес алған. Оның ішінде 2291 адам – мерзімі өткен кредиттік берешегі бар борышкерлер.
«Қарызсыз қоғам» жобасының Түркістан облысы бойынша қаржы сарапшысы Ержан Кангелдиевтің мәліметінше, биыл Кентау, Түркістан қалаларында және Сайрам, Төлеби, Ордабасы, Отырар, Жетісай аудандарында оқыту семинарлары ұйымдастырылып, жалпы 8000-ға жуық адам қамтылған.
Жоба аясында берешек жүктемесі жоғары, әлеуметтік осал топ өкілдеріне ерекше назар аударылып отыр. Соның бір мысалы Түркістан қаласының тұрғыны Алмагүл Асанова. Ол 2020 жылы инсульт алып, 200 мың теңге көлемінде несие алған. Бірақ денсаулығының нашарлауына байланысты бірнеше жылдан бері қарызын жаба алмай, үстеме өсіммен берешегі 1,8 млн теңгеге дейін жеткен.
– «Қарызсыз қоғам» жобасы туралы естіп, оқуға қатыстым. Құжаттарымды тапсырдым. Жақында банкроттық рәсімі заңды түрде мақұлданып, қарызым толығымен жабылды. Бұл мен үшін үлкен көмек болды. Осындай жобаға бастамашы болған азаматтарға алғысым шексіз, – дейді көп балалы ана.
Биылғы маусымнан бастап оқыту толықтай онлайн форматқа көшкен. Бұл – жобаның жаңа кезеңі басталғанын білдіреді. Жауапты органдар мен партия филиалдары алдағы уақытта да қаржылық сауаттылықты көтеру бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізе бермек.

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *