Бәйдібек ауданы орталығындағы “Шаян” мектеп-лицейінде ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 1976 жылы салынған 3 қабатты екі корпустан тұратын білім ордасында қазіргі таңда 700-ден астам оқушы білім алуда. Аталған мектепте реновация бағдарламасы аясында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Аталған нысанға аудан әкімі Ерлан Заипұлы арнайы барып, құрылыс барысымен танысты. Жауапты тұлғаларға жаңа оқу жылы басталғанға дейін жөндеуді толық аяқтап, жұмысшылар санын арттыру және сапаға ерекше көңіл бөлу бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, өңір басшысы ардагерлерге арналған “Тең қоғам – Белсенді ұзақ өмір сүру” орталығына барып, ардагерлер мен зейнет жастағы азаматтарға арналған жаңа әлеуметтік нысанның жұмысымен танысты. Орталық заманауи стандарттарға сай жабдықталған. Онда келушілерге қолайлы жағдай жасалып, кәсіби мамандар қызмет көрсетеді.
Comments