Аймақ

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА СҮТТІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ САЛАСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Өткен жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасының қолдауымен Түлкібас ауданына қарасты Майтөбе ауылында ашылған «Майтөбе сүт» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі осы кезге дейін тәулігіне 1 тонна сүтті өндеп, түрлі өнім шығарып келген-ді.
Бүгінде халықтың көңілінен шыққан, сапалы әрі дәмді өнімдері сұранысқа ие цех енді өнім көлемін 3 есеге арттырып, тәулігіне 3 тонна сүт өңдемек.
Бүгін аталған нысанға аудан әкімі Асқар Естібаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев және жауапты мамандар арнайы барып, кәсіпкердің жаңа жобасымен танысты.
«Майтөбе сүт» өндірістік кооперативінде айран, қаймақ, сары май, сүзбе, чечель, ірімшік, құрт өнімдері өндіріліп, дүкен сөрелеріне сатылымға шығуда.
Бүгінгі таңда кәсіпорында екі ауысыммен 18 адам жұмыс істеуде. Алдағы уақытта кәсіпорын жұмысын ұлғайту көзделіп отыр.
Аталмыш өндірістік кооперативін қайта жабдықтау жұмыстарына 80 млн. теңге жұмсалған.

Жетісуда орман шаруашылығы мен өрттің алдын алу шаралары тұрақты бақылауда

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: АЭРОВИЗУАЛДЫ ШОЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *