Аймақ

АРМАН АБДУЛЛАЕВ: ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ БЕРУДІҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ — АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Бүгінгі таңда Сарыағаш ауданында шағын және орта бизнестің дамуына ерекше мән берілуде. Әсіресе мемлекеттік гранттар біраз адамның кәсіп бастауына баспалдақ болып келеді. Осы ретте, бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев жұмыс жоспарына сәйкес, қайтарымсыз грант алып, кәсібін жүргізіп отырған азаматтардың жұмысымен танысты.
Алдымен Д.Турсынбаевтың тіс емдеу емханасына барып, жұмыс барысын аралап көрді. Кәсіпкер аудан әкіміне жұмысы барысы жайлы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Аудан әкімі жеке кәсіпкердің жұмысына толағай табыс тіледі.
Сарыағаш қаласының тұрғыны, көпбалалы әке Д.Турсынбаев 2024 жылы мемлекеттен қайтарымсыз несие алып,тіс емханасына қажетті құрал-жабдықтарын алып, бүгінде кәсібін дөңгелетуде. 1 азаматты тұрақты жұмыспен қамтыған.
Содан соң, Арман Абдуллаев Б.Сулейменованың медиа студиясына барып,кәсіпкермен тілдесті. Көпбалалы ана 2024 жылы мемлекеттік грант алып, «Декаративті локациядағы видео және фото» бағытында медиа студиясын ашып, бүгінде медиа саласын дамытуда. Жас кәсіпкерлердің жұмысымен танысқан аудан әкімі:
-Қайтарымсыз грант берудің басты мақсаты — ауыл тұрғындарын нәтижелі жұмыспен қамту. Кез-келген елдің әлеуетін көрсететін, бәсекеге қабілеттілігін танытатын негізгі көрсеткіштердің бірі-жұмыспен қамтылған халықтың үлгісі.Сондықтан қазіргі таңда жұмыссыз жүрген азаматтардың екі қолға бір күрек табуына, жұмыспен қамтимын, кәсіп бастаймын деушілерге мол мүмкіндік жасалып, кәсіпкерлер саны да артуда. Ауданда жек кәсіпкерлер санының артуы бұл саланың қарқынды дамып келе жатқандығының айғағы. Дана халқымыз «Еңбек – ырыстың қадірі» дегендей бастаған істеріңізге сәттілік тілеймін, атқарып жатқан еңбектеріңіздің берекесін берсін!, — деді.
Сонымен қатар, аудан басшысы Г.Ақбердиеваның құс шаруашылығы бағытындағы және А.Халбаеваның ротанг материалынан жиһаз жасау отбасылық кәсіптерін арнайы аралап,көрді.
Жас кәсіпкер Г.Ақбердиева құс шаруашылығын дамыту бағытында мемлекеттен қолдау тауып, «Береке» отбасылық шаруашылығында бөдене құсын өсіріп, құс етін және жұмыртқасын сатылымға шығарып отыр.
Жеке кәсіпкер, көпбалалы А.Халбаева мемлекеттен қайтарымсыз грант алып,жиҺаз жасап шығаратын шағын цехын ашып, отбасылық цехтың жұмысын жолға қойған. Шағын цехта ротанг материалынан жиһаз, оған қоса темір бұйымдар жасап шығарады. Бүгінде,кәсіпкер 2 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

АЯЛДАМАЛАРҒА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Алдыңғы

САЙРАМДА ӨТКЕН ЖИЫНДА ҚОҒАМДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *