Аймақ

ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ «ТҰРАР» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫН АРАЛАДЫ  

Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев Жаушықұм ауылдық округіндегі іргелі шаруашылықтардың бірі – «Тұрар» шаруа қожалығының егістік алқаптарын аралап, қожалық төрағасы Ан Юрий Владимировичтің су үнемдеу технологияларын енгізу бағытындағы жұмыстарымен танысты.
Аталған қожалықта пияз дақылдары бойынша:
• Ерте пісетін – «Бонус»,
• Орта пісетін – «Камперо»,
• Кеш пісетін – «Менди» және «Грандора» сорттары егілген.
Шаруашылық әрбір гектарынан 90 тонна (900 центнер) өнім алуды жоспарлап отыр. Алғашқы жиын-терім жұмыстары шілде айының басында басталып, қазан айына дейін жалғасатын болады.
Жиын-терім науқанында қожалық 100-ден астам адамды маусымдық жұмыспен қамтып, ауыл тұрғындарына табыс табуға мүмкіндік жасайды.
Бүгінде «Тұрар» шаруа қожалығында пияздан бөлек түрлі бақша дақылдары да өсірілуде. Аудан әкімі сапар барысында агротехникалық талаптардың сақталуы мен өнім сапасын арттыру бағытында тиісті ұсыныстарын білдіріп, сала мамандарына нақты тапсырмалар берді.
Сондай-ақ аудан әкімі Арман Қарсыбаев ауданда туризм саласын дамыту мақсатында қолға алынған жағажайға апаратын жол құрылысын аралап көрді.
Жобаның мақсаты – аудан аумағындағы туристік әлеуетті арттыру арқылы халыққа қолайлы демалыс орындарын ұсыну және өңірлік экономиканы дамыту
Бүгінде жолды тегістеу және тас төсеу жұмыстары толықтай аяқталған. Алдағы кезеңде асфальт төсеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталуы жоспарланып отыр.
Сапар барысында аудан басшысы тиісті бөлім басшыларына жағажайға электр желісін тарту жұмыстарын жеделдетіп аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, аталған жобаның тиімді әрі уақтылы жүзеге асуын қамтамасыз ету бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

КЕЛЕС АУДАНЫНДА БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ӘКІМДЕР ЕСЕБІ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ

Алдыңғы

ТӘРТІП ПЕН ТЫНЫШТЫҚТЫ САҚТАУ ОРТАҚ МІНДЕТ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *