Аймақ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ 8 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЕНГІЗІЛЕДІ

2025 жылдың 5 айында өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 11,3 млрд теңгеге жетсе, тікелей тартылған инвестиция көлемі 9,4 млрд теңгені құрады. Бұл туралы брифингте Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов мәлімдеді.
«Ауыл шаруашылығы саласында биылғы жылдың 5 айында 6,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді. 2025 жылы 60,3 мың гектар егістік жер болса, жоспарға сәйкес мақта дақылы — 35,1 мың гектарға, картоп, бақша, көкөністер — 15,5 мың гектарға, 4,2 мың гектарға — көпжылдық мал азықтық дақылдары егілді. Егін шаруашылығында өнімділік көлемін ұлғайту мақсатында су үнемдеу технологиясын 8 мың гектар жерге енгізу жоспарланып отыр. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Мақтаарал ауданы, Жаңажол ауылдық округі, Фирдауси елді мекенін жандандыру мақсатында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үйлерді сатып алу үшін 1,5 млрд теңге қаржы қаралған. Бұдан бөлек, биыл Еркінабад, Нұрлы жол елді мекендерінде 200 орындық 2 мектептің құрылысы аяқталып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Үлгілі елді мекенінен 600 орындық мектептің құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталып, жаңа оқу жылынан бастап оқушыларды қабылдауға дайын. Ал, Атакент кентіндегі 1500 орындық мектептің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылдың тамыз айында пайдалануға беру жоспарлануда. Одан бөлек, 2025 жылы 5 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде», — деді аудан басшысы.
Сондай-ақ, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында биыл Мақтаарал ауданы бойынша 4 медициналық нысанның құрылысы басталып жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Аймақта инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аудан 100 пайыз ауыз сумен қамтылған. Қазіргі таңда өңірдегі 68 ауылдың 46-сында газ бар. Биыл «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 538,3 млн теңге қаржы бөлініп, 21,8 шақырымды құрайтын 24 ішкі көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Қазіргі таңда 13,5 шақырымды құрайтын 17 көшеге асфальт төселді. Жалпы аудан аумағына аудан әкімдігі тарапынан 132 шақырымды құрайтын 112 көшеде 4173 дана көше жарық шамдары орнатылған.

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Алдыңғы

НЫСАНДАР БАҚЫЛАУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *