2025 жылдың 4 айында Түлкібас өңіріне 5 670 турист келген. Аталған саланы дамыту мақсатында Иірсу елді мекенінің маңынан 100 га жерге спорт, мәдени, емдік-сауықтыру рекреациялық аймақ құру бойынша жоба әзірленіп, облыс әкімшілігіне жолданды. Сондай-ақ, 2025 жылы аймақта туризм саласын дамыту мақсатында жалпы құны 2,3 млрд. теңгелік 3 жоба іске аспақ. Атап айтқанда, Қараағашты ауылында орналасқан «Ақсу-Жабағылы» оңалту сауықтыру кешенінің» қайта құрылымдау жұмыстарын жүргізіп, шипажай сыйымдылығын 500 орынға арттыру. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде. Одан бөлек, Кершетас ауылында орналасқан жеке кәсіпкер «Патсаев К» туристік аймағы. Жобаның құны 150 млн теңге. Нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, қазіргі таңда іске қосылды. Машат ауылында орналасқан жеке кәсіпкер «А.Бакеев» демалыс аймағы. Жобаның құны — 200 млн теңге. Нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, құжаттары рәсімделуде. Жоғарыда аталған жобалар іске асқан жағдайда 175 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Comments