Аймақ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЖАҢА МӘДЕНИ ОБЪЕКТІЛЕР ЖОСПАРЛАНУДА

Мемлекет басшысының өңірлерде мәдениет нысандарын көбейту және халықтың мәдени демалысқа қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Келес ауданында мәдениет саласын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінде ауданда 8 мәдениет үйі мен 11 клуб тұрғындарға мәдени қызмет көрсетіп келеді. Бұл нысандар ауыл халқына рухани демалыс пен өнерді тамашалау мүмкіндігін ұсынуда.
Өткен жылы Ошақты ауылдық округіне қарасты Жиделі елді мекенінде 75 орындық жаңа мәдениет үйі салынып, пайдалануға берілді. Бұл – аудан мәдениеті үшін маңызды оқиғалардың бірі болды.
Қазіргі таңда тағы 4 елді мекенде жаңа мәдени нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды. Жүзімдік ауылдық округінде жаңа мәдениет үйінің құрылысы басталып, қарқынды жүргізілуде.
Сондай-ақ, Алпамыс батыр, Біртілек және Ұшқын ауылдық округтерінде мәдениет үйлерін салу бағытында дайындық жұмыстары жалғасуда. Бұл жобалар жүзеге асқанда, ауыл тұрғындарының мәдени өмірі жаңа деңгейге көтерілмек.
Биылғы жылға жоспарланған тағы бір маңызды нысан — Абай ауылында бой көтеретін аудандық мұражай. Аталған жоба үшін арнайы жер телімі бөлініп, мемлекеттік акті алынды. Бүгінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Құрметті қала тұрғындары!

Алдыңғы

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *