Аймақ

САЙРАМДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сабитовтың қатысуымен ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы жиын өтті.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – ауданның негізгі салаларындағы даму көрсеткіштері мен оның орындалуы. Аталған мәселе жайлы экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Айтекеева баяндама жасап, өнеркәсіп, сауда, ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларындағы негізгі нәтижелерге тоқталды. Атап айтқанда, өнеркәсіп өнімінің көлемі 30,5 миллиард теңгені құрап, өңдеу өнеркәсібіндегі өсім қарқыны сақталған. Сауда айналымы да алдыңғы жылмен салыстырғанда артып, 42 миллиард теңгеге жеткенін атап өтілді.
Мәжілісте аудан басшысы А.Сабитов инвестиция тарту, тұрғын үй құрылысын жеделдету, бюджет қаражатын тиімді және мақсатты игеру, сондай-ақ құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды пысықтады. Маусым айында жоспарланған құрылыс нысандарын уақтылы аяқтап, пайдалануға беру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, жауапты бөлім басшыларына салалық индикаторлардың толық әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеді.
Осы бағыттағы жүйелі жұмыстардың нәтижесінда халықтың өмір сүру сапасын арттырып, аудан экономикасының тұрақты дамуына жол ашпақ. Жиын қорытындысында аудан әкімі әр салаға жүктелген міндеттердің нақты жүзеге асырылуын қатаң бақылауда ұстау қажеттігін ескертті.

ТҮРКІСТАНДА ЖОЛ ЖАМЫЛҒЫЛАРЫН АЭРАЦИЯ ӘДІСІМЕН СУАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Алдыңғы

АУЫР ЖҮК КӨЛІКТЕРІНЕ САЛМАҚТЫҚ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *