Аймақ

ТҮРКІСТАНДА ЖОЛ ЖАМЫЛҒЫЛАРЫН АЭРАЦИЯ ӘДІСІМЕН СУАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан қаласында жаз мезгіліндегі жоғары температураға байланысты жол жамылғыларын аэрация әдісімен суару жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Аэрация +30°C-тан жоғары ауа температурасы кезінде асфальт жабындарының қызып кетуінің алдын алуға бағытталған тиімді тәсіл. Бұл әдіс бүгінде Түркістан қаласының орталық көшелері мен ірі магистралдарын салқындату мақсатында кеңінен қолданылуда.
Сала мамандарының мәліметінше, аэрация жол төсемелерінің қызып, құрылымының бұзылуына жол бермей, асфальттың ерте тозуының алдын алады. Сонымен қатар жол сапасын ұзақ мерзімге сақтап, күтім шығындарын азайтуға септігін тигізеді.
Аталған әдіс жол бойындағы жасыл белдеулер мен гүлзарлар үшін де тиімді. Су тамшылары өсімдіктерге қажетті ылғалды қамтамасыз етіп, аптап ыстықта жасыл желектердің күйіп кетуінен қорғайды.
Қазіргі таңда аэрациялау жұмыстары арнайы техника мен бүріккіш құрылғылардың көмегімен күніне екі мезгіл тұрақты түрде жүргізілуде.

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ 33 МЫҢНАН АСТАМ ТҮЛЕК АТТЕСТАТ АЛАДЫ

Алдыңғы

САЙРАМДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *