Аймақ

«Жас жол инспекторлары» республикалық слетке жолдама алды

Түркістан облысы Полиция департаменті мен білім басқармасы бірлесіп, «Жас жол инспекторлары» жасақтарының облыстық кезеңінің соңғы кезеңін өткізді. Түркістан қаласындағы №32 жалпы білім беретін мектеп базасында өткен маңызды шараға аудандардан келген 11–14 жас аралығындағы балалар командасы қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – жол көлік оқиғаларының алдын алу, соның ішінде балалар мен жасөспірімдер арасында қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығын арттыру. Байқау жол жүрісі қағидалары, үгіт-насихат бригадасы, велосипед тебу, автоқалада велосипед жүргізу, жас реттеуші, эрудиттер турнирі, жас санитар және басқа да кезеңдерден тұрды.
Жарыс қорытындысы бойынша І орынды Түркістан қаласының командасы, ІІ орынды Жетісай ауданының командасы, ІІІ орынды Бәйдібек ауданының командасы иеленді. Қатысушыларға дипломдар, сондай-ақ түрлі номинациялар бойынша марапаттар табысталды.
Облыстық кезеңнің жеңімпаз командасы республикалық кезеңге жолдама алды. «Жас жол инспекторлары» слеті өскелең ұрпақты жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысқа тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады және жол қозғалысы ережелерін сақтауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.

СОЗАҚТА ШУ ӨЗЕНІ СУЫНА ҚАТЫСТЫ ЛЕЗДЕМЕЛІК ЖИЫН ӨТТІ

Алдыңғы

Ерлік көрсеткен ел қорғандары құрметке бөленді

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *