Аймақ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖИЫНДАР ӨТТІ

Мемлекеттік қызметтегі әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында маңызды жиындар өтті. Іс-шараларға аудан әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Е.Орманов арнайы қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында өткен жиын барысында уәкіл Рысқұлов, Тастұмсық ауылдық округтерінің мемлекеттік қызметкерлерімен және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандарымен кездесті.
Кездесу аясында Е.Орманов мемлекеттік қызметтегі әдеп нормалары, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық ережелері мен жауапкершілігі туралы баяндама жасап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңа өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды. Сонымен қатар, қызмет барысында туындауы мүмкін әдептік құқықбұзушылықтар мен олардың алдын алу жолдары талқыланды.
Жиын барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдебі мен заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру бағытында ұсыныстар айтылды.
Мұндай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да аудан көлемінде жалғасын табатын болады. Бұл – мемлекеттік аппараттың тазалығы мен сенімділігіне негіз қалайтын маңызды қадамдардың бірі.

БӘЙДІБЕК: ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ БАРЫСЫ БАҚЫЛАУДА

Алдыңғы

«ЖЕТІСАЙ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМЫС ОРНЫМЕН 11 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *