Аймақ

ЖАЛДАМАЛЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ҚҰРЫЛЫСЫ – ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРАҚТЫЛЫҚ НЕГІЗІ

Сайрам ауданында салынып жатқан жалдамалы тұрғын үйлер – халықтың баспанаға қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды әлеуметтік жоба. Аудан әкімі Арман Сабитов құрылыс алаңдарын аралап, жұмыстың сапасы мен орындалу тәртібіне назар аударды.
Нысандарды аралау барысында аудан басшысы бірінші кезекте құрылыс материалдарының сапасына назар аударды. Сондай-ақ, жүргізіліп жатқан құрылыстың жобаға сай жүргізілуі, инженерлік желілердің тартылуы және әрлеу жұмыстары пысықталды. Жекелеген кемшіліктер бойынша нақты тапсырмалар жүктеліп, тұрғын үйдің әрбір бөлшегі халық игілігіне лайықты болу керектігі қатаң ескертілді.
Бұл бастама – аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болмақ. Қолжетімді әрі сапалы баспана – ел ертеңінің берік негізі.

ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮЙЕЛЕНДІРУДІ ТАПСЫРДЫ

Алдыңғы

САЙРАМДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛМЕК

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *