Аймақ

КЕЛЕС: ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРАҚТЫЛЫҚ БАСТЫ НАЗАРДА

Құмар ойынға тәуелділік – лудомания қазіргі қоғамда алаңдаушылық тудырып отырған өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, жастар арасында кең етек жайып бара жатқан бұл дерттің салдары тек жеке адамға емес, тұтас отбасылар мен қоғамға кері әсерін тигізуде.
Осы және өзге де маңызды мәселелер Келес ауданы әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Абдрахмановтың төрағалығымен өткен кеңейтілген жиында талқыланды. Жиынға аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімше басшылары мен мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Кеңес барысында аппарат басшысы лудоманияның зиянына кеңінен тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстардың формалды сипатта емес, нақты нәтижелерге бағытталуы қажет екенін айтты. Ол қоғамдық ұйымдарда ақпараттық-түсіндіру шараларын жүйелі түрде ұйымдастыруды тапсырды.
Сондай-ақ, жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, аудан әкімі аппаратының бөлімшелері қызметін жүйелеу, және хаттамалық тапсырмалардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету мәселелері де қаралды. Әрбір құрылым жетекшісіне нақты тапсырмалар беріліп, орындалу мерзімі белгіленді.

ОТЫРАР: АҒЫН СУ МӘСЕЛЕСІ АУДАН ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Алдыңғы

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ІСІНЕ АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ЖАН

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *