Аймақ

ORDABASY: БӨГЕН АУЫЛЫНДАҒЫ ІРГЕЛІ ШАРУАШЫЛЫҚ

“Орда-басы Agro” — ауыл экономикасын көтеруге, жергілікті халықты жұмыспен қамтуға үлесін қосып отырған іргелі шаруашылық.
Ауданымызға қарасты Бөген ауылында орналасқан «Орда-басы Agro» шаруа қожалығы 2017 жылы құрылған. Бұл қожалықтың негізін жергілікті азамат, еңбекқор кәсіпкер Әбілда Әлібеков қалаған. Қазіргі таңда шаруашылықтың басқару тізгінін оның інісі Ерғали Әлібеков ұстап, ағасының бастаған ісін абыроймен жалғастырып келеді.
Шаруашылықтың негізгі бағыты — егін шаруашылығы. Қазіргі таңда қожалық иелігінде 900 гектар ауыл шаруашылығы алқаптары бар. Оның 350 гектарына мақта, 250 гектарына жүгері, 300 гектарына жоңышқа дақылдары егілуде. Әрбір дақылдың агротехникалық күтімі мен өнімділігіне ерекше мән беріліп, заманауи технологиялар мен техника пайдаланылуда.
“Орда-басы Agro” тек егін егу және жинаумен ғана шектелмейді. Қожалық сонымен қатар өзге де шаруа иелері үшін агротехникалық қызметтер көрсетумен айналысады. Бұл — жер жырту, тырмалау, тұқым себу, суғару, өнімді жинау сияқты барлық кезеңдерді қамтитын кешенді қызмет. Қожалықтың техникалық базасы толық жасақталған: заманауи тракторлар, комбайндар, сеялкалар мен басқа да қажетті жабдықтар алқап басындағы жұмыстың сапалы әрі уақтылы орындалуына мүмкіндік береді.
Бүгінде шаруашылықта 20-ға жуық ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл – жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға жасалып отырған нақты қолдау. Әрбір еңбеккер маусымдық емес, жыл бойы табыс тауып, отбасын асырауға мүмкіндік алып отыр.
Шаруашылық басшысы Ерғали Әлібековтің айтуынша, өнімділік жыл сайын артып келеді. Бұған жердің құнарын сақтау, агрономиялық кеңестерге құлақ асу, еңбеккерлердің тәжірибесі және заманауи техниканы тиімді пайдалану тікелей әсер етуде.
Алдағы уақытта қожалық өз жұмыс ауқымын кеңейтіп, жаңа технологияларды енгізу арқылы аграрлық саладағы жетістіктерін еселей түспек.

ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒЫНДАР КИЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ТАМАШАЛАДЫ

Алдыңғы

ОТЫРАР: АҒЫН СУ МӘСЕЛЕСІ АУДАН ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *