Төлеби ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды кешенді әлеуметтендіру, сондай-ақ қайта қылмыс жасау деңгейін төмендетуге ықпал ететін тиімді жағдайларды жасау бағытында жүйелі жұмыс атқарылуда.
Төлеби ауданында пробация қызметі есебінде тұрғандарды қайта әлеуметтендіруге 2025 жылы -1200,0 теңге жоспарланып, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 31.03.2025 жылы конкурс жарияланды. Конкурс жеңімпазы «Түркістан Серғали» қоғамдық бірлестігі 1080,0 теңгеге ұтып алды. Келісімшарт бойынша есепте тұрған азаматтарға түрлі іс- шаралар өткізілуде.
Сотталғандардың әлеуметтік бағыттан алшақтамай, қоғамдық өмірден тыс қалмауын ұйымдастыру мақсатында қасиетті, киелі жерлерге саяхаттау ұйымдастырылды.
Бәйдібек ауданындағы “Ақмешіт” үңгірі, “ Домалақ ана” кесенесіне жол тартқан азаматтарды аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев арнайы келіп, шығарып салып, сапарларына сәттілік тіледі. Бір күндік сапар барысында пробация есебінде тұрған азаматтар рухани демалып, тарихи тынымын кеңейтті.
Сондай-ақ, Ж.Шанин атындағы облыстық драма театрында «Мұқағали» қойылымын тамашалады.
Бұл бағыттағы жұмыстар жыл көлемінде жалғасын табады.
Comments