Аймақ

ОТБАСЫ ЖАҒДАЙЫ – КОМИССИЯ БАҚЫЛАУЫНДА

Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы Бағдатбек Жанғазиев отбасын қолдау орталығы, денсаулық сақтау саласы мамандары, психологтармен бірге арнайы топ құрып, әлеуметтік қолдауды қажет ететін жасөспірімдерді анықтау мақсатында аула аралау жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Нәтижесінде Ленгір қаласы, Жангелдин көшесінің тұрғыны кәмелетке толмаған мүгедектігі бар жасөспірімнің санитарлық талаптарға сай емес жағдайда өмір сүріп жатқандығы анықталды. Комиссия төрағасы Бағдатбек Пердебайұлының басшылығымен тұрғын үй күл-қоқыстан тазартылып, санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, жасөспіріммен бірге үйде тұрып жатқан үй жануарлары тиісті орынға жеткізіліп, дезинфекция жүргізілді. Мүмкіндігі шектеулі бала емдеу орталығына орналастырылып, тиісті ем-дом қабылдауда.
Көмекке мұқтаж отбасы, жасөспірімнің жай-күйі аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның тікелей бақылауында.

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ТӘУЛІГІНЕ 12 ТОННА ПЛАСТИК ЕСІК ПЕН ТЕРЕЗЕ ДАЙЫНДАЙТЫН ЦЕХ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Алдыңғы

МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫҢ ҚЫЗМЕТІН БЮРОКРАТИЯДАН АРЫЛТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *