Аймақ

САЛЫҚ ТҮСІМДЕРІ ҰЛҒАЙЫП, ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛУЫ ҚАЖЕТ

Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Мәжілісте 4 мәселе қаралып, талқыланды.
2025 жылдың 5 айындағы ауданның эпидемиологиялық жағдайы туралы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Нұрдәулет Әбен баяндады.
2025 жылдың бес айында 10503 адам флюрографиялық тексеруден өткен. 2025 жылдың 5 айында бруцеллез ауруымен 6 адам тіркелді. Аудан аумағында кене шағу, ит қабу жайттары тіркелуіне орай, аталған мәселені зерделеп, тиісті шара қолдану сала мамандарына жүктелді.
Заңсыз пайдаланылып жатқан жерлер туралы аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Дархан Тастанов хабарлады. Аудандағы жалпы жер көлемі 306 380 гектар. Ауылшаруашылық мақсатындағы жер көлемі 88 995 га. 2021 — 2024 жылдары нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай жатқан жерлер ауданның арнайы жер қорына қайтарылды, бұл бағыттағы жұмыс 112 пайыз орындалды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 27302.5 га жер учаскесіне жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша мал басы тіркелмеген 9111,2 га, мал басы тіркелген 18190 га жер анықталған.
Біркөлік және Ақмешіт өзендерінің 7 шақырым бойы немесе 20.4 га жер учаскесі ауданның жер қорына қайтарылды. Индустриалды аймақ құру үшін 100 га жер телімін қайтару жұмыстары жүргізілуде. Жер қатынастары бөліміне штатты көбейтіп, қосымша мамандарды жұмысқа қабылдау ұсынылды.
Инвестиция тарту, салық түсімдерін ұлғайту бағытында атқарылған жұмыстарды Ленгір, Киелітас, Алатау ауылдық округ әкімдері таныстырды.
Ленгір қаласы бойынша жыл көлемінде 500 млн теңге салық түсімдерін орындау жоспарланса, қазіргі кезде 300 млн теңге орындалған. Салық түсімдерін ұлғайту, инвестиция тарту бағытында 24 жоба жүзеге асып, алты айда 5,5 млрд теңге болады. Жыл соңына дейін көрсетілген меже орындалады деп күтілуде.
Киелітас ауылдық округінде 1 млрд 195 млн теңге инвестиция тартылып, салық түсімдері 66 млн 399 мың теңгені құрады.
Алатау ауылдық округіндегі негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі жылдық жоспар 4 млрд 850 млн теңге болса, қазіргі кезде 957.7 млн теңгеге инвестиция тартылған. Салық түсімі 41737.2 теңгеге орындалған.
Жиын барысында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы жылу маусымына дайындық барысын қолға алып, көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелерін зерделеп, ішкі жылу жүйелерінің құбырларының жай-күйімен танысып, бұл бағыттағы жұмыстарды баяндап отыруды тапсырды. Арендалық пәтерлердің жалдау ақысын қайтару жұмыстарды жүргізіп, арыз-шағым, өтініштерге дер кезінде жауап беру қажеттігін ескертті.

БӘЙДІБЕКТЕ 700 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТЫР

Алдыңғы

ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒЫНДАР КИЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ТАМАШАЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *