Аймақ

ОРДАБАСЫ: АУДАНДА «ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Ордабасы ауданында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспарға» сәйкес, «Қызмет алушылар күні» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Түркістан облысы филиалының Ордабасы аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі мен аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында азаматтарға тұрғылықты жері бойынша тұрақты және уақытша тіркеу, қандас мәртебесін алу, шетелге шығу үшін құжаттарды рәсімдеу сынды мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар тұрғындардың сұрақтарына нақты жауап беріп, кеңестер ұсынды.
Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті әзірлеген ақпараттық брошюралар таратылып, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу жолдары, электрондық қызметтерді пайдалану тәртібі және шағымдану тетіктері туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.
Іс-шара халықпен кері байланысты нығайтуға, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталды.

ОРДАБАСЫ: АУДАНДА КҮРЕС СПОРТЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ЖИЫН ӨТТІ

Алдыңғы

ОРДАБАСЫ: ЖАСТАР АРАСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АКЦИЯ БАСТАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *