Аймақ

Құрылыс нысандары мен өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Жиында екі мәселе қаралып, талқыланды.
Күн тәртібіне сәйкес аудан аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандары туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серғазы Қалдыбаев пен аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Құттымұрат Тұрғынбаев баяндама жасады. Жалпы аудан бойынша автомобиль жолдарының ұзындығы 1110 шақырымды құрайды. Ағымдағы жылы ұзындығы 59,4 шақырымды құрайтын 43 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ауыз су жүйесі бойынша Диханкөл елді мекенінде жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар 13 елді мекенде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Сондай-ақ 3 елді мекенде суағар, 3 елді мекенде аяқ жол орнатылады. Ленгір қаласында «Алатау» мөлтек ауданындағы қосалқы станцияның құрылысы мен №3 кәріз тазалау нысанының құрылыстары жүргізілуде.Құрылыс саласында 2025 жылы бюджет есебінен іске асырылатын жобалар саны – 19. Қазіргі таңда Ленгір қаласында Қапал батыр көшесіндегі көп қабатты 3 тұрғын үй құрылысы, Алатау мөлтек ауданында, Момынай, Көксәйек, Қаратөбе елді мекендерінде инфрақұрылым нысандарының және Көксәйек, Момынай елді мекендерінде спорт кешенінің құрылыстары жүргізіліп жатыр. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан Достық елді мекенінде 900 орындық, Көксәйек елді мекенінде 600 орындық, Қосағаш елді мекенінде 300 орындықты мектептерінде сыртқы инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде.
Жазғы өрт қауіпті кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы Төлеби ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Азимбек Атанбеков баяндады. Баяндамашының хабарлауынша, бөлім тарапынан орман-дала өрттерінің алдын алу және жоюға бағытталған бірнеше шаралар қабылданған. Аудан аумағында Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі орналасқан. Орман қоры жерлерінің жалпы ауданы 45 мың 493 га, оның ішінде орманды алқабы 16 мың 878 га, ормансыз алқабы 28 мың 615 га құрайды. Орман және дала өрттерін дер кезінде анықтау мақсатында ғарыш мониторингінің мәліметтері алынып отырылады. Қаратөбе ауылдық округінде мерзімді өрт сөндіру бекетін құру бойынша конкурс жарияланып, жұмыстар жүргізілуде. Аталған бекетте 4 ауысымда 16 жеке құраммен 1 техника үздіксіз кезекшілік ететін болады. Жазғы өрт қауіпті кезеңде орман және дала өрттерін алдын алу бойынша жүйелі түрде үгіт насихат жұмыстары жүргізілуде.

ТҮРКІСТАНДЫ КӨГАЛДАНДЫРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАНДАНА ТҮСТІ

Алдыңғы

“AMANAT AQYLMAN” – ЗИЯТКЕРЛІК ПЕН БІРЛІКТІҢ САЙЫСЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *