Адам саудасына байланысты қылмыстарды ескертуге, жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған «Stop трафик» атты жедел профилактикалық ісшарасы өткізілуде.
Осыған орай, Арыс 1 ст. ЖПБ-нің қызметкерлері және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бөлімше инспекторы
С. Қалмаханның қатысуымен қаламыздағы Арыс 2 вокзалында жолаушылар мен қала тұрғындарына және теміржол қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіле отырып,арнайы ескертпе парақшалары тарқатылды.
Іс-шараның мақсаты қылмыстарды ескерту, жолын кесу, анықтау және орын алған қылмысты ашу, кәмелетке толмағандарды еңбек етуге, қайыр сұрауға мәжбүрлеу және өзге де қанау фактілерін анықтау бойынша «Адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын-алу» тақырыбында да түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Stop трафик» атты жедел профилактикалық іс-шарасы — бұл адам саудасы мен заңсыз көші-қонға қарсы бағытталған арнайы операция. Мұндай іс-шаралар көбінесе құқық қорғау органдары, әлеуметтік қызметтер және үкіметтік емес ұйымдардың бірлесіп ұйымдастыруымен өтеді.«Stop трафик» іс-шарасының негізгі мақсаты:
- Адам саудасы мен заңсыз көші-қон фактілерін анықтау және алдын алу.
- Құқық бұзушылықтарға қатысатын тұлғаларды жауапкершілікке тарту.
- Қауіпсіздік шараларын күшейту арқылы азаматтарды қорғау.
- Халық арасында адам саудасы туралы ақпараттандыру және құқықтық сауаттылықты арттыру.
Іс-шараның негізгі бағыттары мен элементтері:
- Мониторинг және рейдтер: Қауіпті аймақтарда, көлік станцияларында, базарларда, сауда орындарында рейдтер өткізу.
- Халықты ақпараттандыру: Плакаттар, брошюралар тарату, әлеуметтік желілерде насихат жүргізу.
- Кеңес беру: Құқық қорғау органдары мен әлеуметтік қызметкерлердің халыққа кеңес беруі.
- Құқықтық көмек көрсету: Қажет болған жағдайда зардап шеккендерге заңдық қолдау ұйымдастыру.
- Құжаттарды тексеру: Жол жүрісі кезінде құжаттардың заңдылығын бақылау.
Comments