Аймақ

ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛЕДІ

Түркістан қаласында мәдениет саласын дамыту және тұрғындардың шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында салынып жатқан жаңа мәдениет үйінің құрылысы аяқталу үстінде. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағындағы маңызды әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралау барысында мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Биыл шілде айында 500 орынға арналған көрермен залы бар заманауи мәдениет үйін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
– Мәдениет – ұлттың рухани тірегі. Қала тұрғындарының өнер мен руханиятқа жақын болуына жағдай жасау – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Бұл мәдениет үйі – келешек ұрпаққа қалатын игі мұра. Қаламыздың мәдени әлеуетін көтеретін маңызды орталыққа айналады деп сенеміз, – деген қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы мердігер мекемеге құрылыс сапасын, техникалық талаптар мен қауіпсіздік нормаларын қатаң сақтай отырып, жұмысты белгіленген мерзімде толық аяқтауды тапсырды.

САРЫАҒАШТА КӘСІПОРЫН ТӘУЛІГІНЕ 10 ТОННА СҮТ ӨНІМІН ӨНДІРЕДІ

Алдыңғы

44 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ӨТІНІШТЕРІНЕ ЖАУАПТАР ҰСЫНЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *