Аймақ

САРЫАҒАШТА КӘСІПОРЫН ТӘУЛІГІНЕ 10 ТОННА СҮТ ӨНІМІН ӨНДІРЕДІ

Сарыағаш ауданы Жібек Жолы ауылдық округіне қарасты Дихан баба елді мекенінде тәулігіне 10 тонна сүт өнімін өңдейтін кәсіпорын жұмыс істейді. “Jemisti Food” ЖШС сүт өнімдерін қайта өңдеп, ұлттық тағамдар – сары май мен құрт өндіруді қолға алынған.
Кәсіпорынның тынысымен танысу үшін аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы барып, ұжымның еңбегіне оң бағасын берді. Сондай-ақ, жергілікті өндірістің дамуы аудан экономикасы үшін маңызды екенін атап өтті. Цех заманауи технологиялық құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Бұл өндіріс процесінің тиімділігі мен өнім сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Кәсіпорын Қазығұрт және Сарыағаш аудандарының тұрғындарынан жиналған 4 тонна сүтті өңдеп, дайын өнімді нарыққа шығаруда.
“Jemisti Food” ЖШС-і жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға да айрықша мән беруде. Кәсіпорында 7 адам тұрақты түрде жұмыс істейді.Қызметкерлердің орташа жалақысы – 180 000 теңге.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН 50 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *