Аймақ

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

«Қуаңшылықтан туындаған өзекті мәселелердің шешімі болуы керек». Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өңірдегі жағдайды зерделеу барысында осылай деді.
Әкімдік әрекетсіз отырған жоқ. Қазіргі таңда мал азығының қорын қалыптастыру бойынша өзге облыстармен арнайы меморандум түзу шарттары қарастырылып, келіссөздер жүргізілуде.
Өңірдегі диірмендер 215 мың тоннаға жуық кебек өндіреді. «Бұл шаруашылықтардың қажеттілігін толық өтемейді», дейді мамандар. Нұрбол Тұрашбеков тасымал мүмкіндіктерін барынша қарастырып, пайдалану қажеттігін атап өтті.
– Табиғатқа, ауа-райына кінә артып, қол қусырып қарап отыруға болмайды. Әр ауданның сұранысы тиянақты зерттелуі тиіс. Қазан айына дейін малдың қыстық азығы дайындалып бітуі керек. Аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, қадамдық жоспар түзуді тапсырамын, – деді облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде.
Жиналыста әр басқармаға нақты тапсырмалар бекітіліп, орындау мерзімі нақтыланды. Аталған мәселе бақылаудан түспейтіні де ескертілді.

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ҰЛЫҚТАҒАН ҰСТАЗ

Алдыңғы

Донор бол! Өзгеге өмір сыйла!

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *