Аймақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ NEAR ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕСІ АТАНДЫ

Түркістан облысы алғаш рет Солтүстік-Шығыс Азия елдерінің Өңірлік әкімшіліктері Ассоциациясының (NEAR) 15-ші Бас Ассамблеясына қатысып, халықаралық ұйымның корреспондент мүшесі мәртебесіне ие болды.
Халықаралық жиынға Түркістан облысының туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов қатысты. Делегация құрамындағы өкілдер өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық тартымдылығы, халықаралық ынтымақтастыққа ашықтығы мен туризм саласындағы әлеуеті туралы баяндама жасап, қатысушылардың қызығушылығын тудырды.
NEAR – Солтүстік-Шығыс Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтатын ірі халықаралық платформа. Аталған ұйым Қытай, Жапония, Оңтүстік және Солтүстік Корея (КХДР), Моңғолия және Ресей сияқты алты елдің 78 өңірлік әкімшілігін (облыс, провинция, аймақ) біріктіреді.
Ұйымның басты мақсаты – мүше өңірлер арасындағы өзара сенімге негізделген тұрақты даму, мәдени және экономикалық тәжірибе алмасу арқылы өңіраралық байланыстарды дамыту.
Түркістан облысының NEAR ұйымына қосылуы өңірдің халықаралық әріптестікті дамыту және жаһандық деңгейде танылу жолындағы маңызды қадам.

ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫҢ МҰҢ-МҰҚТАЖДАРЫ ТЫҢДАЛДЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА РЕНОВАЦИЯДАН ӨТІП ЖАТҚАН МЕКТЕПТЕР ҚАДАҒАЛАНДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *