Аймақ

СОЗАҚ АУДАНЫНДА АУЫЛ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

Созақ ауданына қарасты Құмкент ауылы мен Қызылкөл елді мекенінде жалпы ұзындығы 11 шақырымнан астам ішкі көшелерге асфальт жабындысы төселді. Сонымен қатар Ақсүмбе, Сарыжаз, Шаға және Раң елді мекендеріндегі ұзындығы 6,51 шақырымды құрайтын ішкі көшелері де асфальтталды.
Қазіргі таңда өзге ауылдар мен елді мекендерде де ішкі жолдарды жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Айта кетейік, биылғы жылы ішкі жолдардың сапасын арттыру мақсатында аудандық бюджеттен бөлінген қаражат көлемі өткен жылдармен салыстырғанда екі есеге артты. Бұл қаржы есебінен 66,4 шақырымды құрайтын ауылішілік көшелерге асфальт жабындысы мен қиыршық тас төсеу көзделген.
Сонымен қатар, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 14,2 шақырымдық 12 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Өткен жылы аталған бағдарлама шеңберінде ауданда 25 көшеге орташа жөндеу жүргізіліп, барлығы 26,1 шақырым жол жаңартылды. Бұған қоса, аудандық бюджет есебінен 21,2 шақырымды құрайтын 18 көшеге асфальт жабындысы мен қиыршық тас төселген болатын.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШҚЫ МОДУЛЬДІ ЛАГЕРЬ ЖАТАҚХАНАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Алдыңғы

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА АРДАГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *