Аймақ

САУРАНДА БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАҢА САЯБАҚ АШЫЛДЫ

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Сауран ауданының орталығында жаңа балалар саябағының ашылу салтанаты өтті. Аталған игі жоба аудан әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып, бүгінгі таңда пайдалануға берілді. Салтанатты шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов, ауданның зиялы қауым өкілдері мен тұрғындары қатысты.

Жалпы аумағы 2,14 гектарды құрайтын жаңа саябақ заманауи талаптарға сай жабдықталған. Онда балалардың бос уақытын тиімді әрі қауіпсіз өткізуіне барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, саябақ аумағы көгалдандырылған. Саябаққа 12 түрлі ағаш түрлері, 88 дана шырша, 25 дана писсарди өрігі, 20 дана шынар, 30 дана раушан гүлі және 40 дана бөріқарақат көшеті отырғызылды. Демалуға арналған көлеңкелі аймақтар мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдар салынып, орындықтар орнатылған.

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

Алдыңғы

СОЗАҚ АУДАНЫНДА БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ӨТКЕН ШАРАҒА 1000-ҒА ЖУЫҚ БҮЛДІРШІН ҚАТЫСТЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *