Аймақ

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІН ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТҚА КӨШІРУ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУ СЕМИНАР ӨТТІ

Қазығұрт ауданында әлеуметтік қолдау жүйесін цифрландыруға арналған оқыту семинары өтті. Семинар жұмысына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан құрылған «Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жетілдіру жөніндегі жобалық кеңсенің» басшысы Сағындық Фарида бастаған сондай-ақ әлеуметтік қолдау шараларын цифрлық форматқа көшіру бағытындағы пилоттық жобаны іске асырып жатқан жобалық топ мүшелері қатысты.
Семинарға арнайы жұмыс сапарымен келген топ құрамында Түркістан облысының «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар» басқармасы басшысының орынбасары Күміс Мирова да болды.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев ашып, жүргізіп отырды. Оқыту жұмыстарына Қазығұрт аудандық полиция бөлімі, аудандық орталық аурухана мен емхана қызметкерлері, мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, әлеуметтік педагогтар, ауыл округі әкімдері мен аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ мамандары қатысты.
Семинар барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен енгізіліп жатқан FSM Social ақпараттық жүйесі және Socium автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (ААЖ) туралы кең көлемді түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бұл цифрлық платформалар мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудегі процестерді автоматтандыруға, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын тиімді етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар мобильді қосымшалар адами факторды азайтып, шешімдердің дұрыстығын арттырып, мамандардың жұмысын жеңілдетуге бағытталған.

МӘШҺҮР ЖҮСІП ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ АУЫЗ СУ САПАСЫ ЖАҚСАРТЫЛДЫ – ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ ЕСКЕРІЛДІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР МЕН СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ БАЛАЛАРЫ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬДІҢ АЛҒАШҚЫ АУЫСЫМЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *