БілімЖаңалықтарЖастар саясаты

Ауыл мектептері ғылыми және STEM зертханаларымен толығады

Бүгін елордада өтіп жатқан «Astana Finance Days 2023» конференциясына отандық және шетелдік сарапшылар адами капиталдың инновацияға әсері турасында өз ойларын ортаға салды.  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин орта білімді дамыту мен инновациялық орта қалыптастыру бағытында нақты шешімдер ұсынды.

Білім беру саласына жаңа инновациялық тәсілдерді енгізуде мұғалімдердің кәсібилігі басты рөл атқарады. Өз сөзінде Әнуар Жанғозин Энди Харгривс пен Майкл Фулланның классикалық кітабын негізге алып, ұстаздарды белгілі стандарттармен шектемей, шығармашылық еркіндік беру керектігін айтты.

–  Білікті мұғалімдер неғұрлым көп болса және оларға көбірек автономия берсек, мектепте инновациялық орта құру мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Мен Энди Харгривс пен Майкл Фулланның кәсіби капитал тұжырымдамасы тек білім беру ұйымдарында ғана емес, жалпы инновацияларды ынталандырға мүмкін береді деп есептеймін, – деді.

Сонымен бірге ол орта мектептердегі білімді жетілдіру мен инновациялық ортаны қалыптастыру үшін заманауи инфрақұрылыммен қамту маңызды екенін айтты. Ол үшін орта мектептер заманауи технологиялар, зертханалар, кітапханалар және зерттеу мен өнертапқыштарға арналған шығармашылық кабинеттермен жабдықталуы тиіс.

– Зияткерлік мектептердің 250 оқушысы өз жұмыстары мен өнертабыстарына патенттер мен авторлық құқықтар алуға өтініш берді және алды. Бізде NIS және ауыл мектептері арасында ынтымақтастық тәжірибесі бар. Осы жобаға сәйкес, NIS Қазақстан бойынша 17 ауыл мектебіне әдістемелік қолдау көрсетеді және алдағы 3 жылда 200-ге жуық мектеп қамтылады. Бұл мектептердің барлығы «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен STEM және ғылыми зертханалармен жабдықталады. Бұл жұмыстың нәтижелерін қазірдің өзінде көріп отырмыз. Кейбір ауылдық мектеп оқушылары инженерия, робототехника және заманауи технологиялар сияқты әртүрлі жобалармен жұмыс істей бастайды, – деп атап өтті Әнуар Жанғозин.

Сондай-ақ Басқарма төрағасы оқушылар үшін инновациялық және өнімді орта құруға бизнес қауымдастықтың қолдауы мен көмегі қажет екенін айтып, орта білімді қолдауға шақырды.

 

“ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ” қаржылық сауаттылықты арттыру семинары Қайнарбұлақта жалғасын табуда.

Алдыңғы

Жетісудағы тігін цехында кадрлар тапшылығы мәселесін шешті

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *