Жаңалықтар

“ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ” қаржылық сауаттылықты арттыру семинары Қайнарбұлақта жалғасын табуда.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Ақтөбе облысында «АМАNАТ» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың қатысуымен «АМАNАТ» партиясының «Қаржылық сауаттылықты арттыру» жобасының тұсауы кесілген болатын.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың қарыз жүктемесін азайту бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырғанда дәл осы мәселеге баса назар аударған еді.
Бұл жоба ауыл тұрғындарын алаяқтардың ықпалынан, қаржы пирамидаларынан және басқа да күмәнді қаржылық операциялардан қорғауға көмектеседі. Сондай-ақ мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген несие алу жолдары мен «Ауыл аманаты» жобасын туралы толық ақпараттандырылатын болады.
Оқыту курсының негізгі мақсаты – елімізде болашақта ел экономикасын қалыптастыратын халықтың, жас ұрпақтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған қаржылық білім беру.
Осы мақсатта Сайрам ауданы тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында “Қарызсыз қоғам” атты оқу семинары өткізілуде. Өткен аптада Қарамұрт ауылында өткізіліп, бүгінгі күнде Қайнарбұлақ ауылында жалғасын табуда. Семинар ауданымыздың барлық ауылдық округтерінде жалғасын табатын болады.
СЕМИНАР барысында төменгі мәселелер қамтылады:
— «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,5 % несие
— Ағымдағы кредиті бар төлеу алмай қалу ықтималдығын болдырмау;
— Несиесі төленбей қалып қойған бірнеше жыл болған жеке тұлғаларға кеңес беру;
— Табыс көзінен айырылған ай сайынғы несиесін төлеу қабілеттілігін жоғалтып, төлем қабілеттігін арттыру;
— 1600 АЕК жоғары немесе 5 млн. теңге осындай қарызы бар сот арқылы банкроттық мәселесі;
— Бастау бизнес жобасына қатысып бизнес пландарының кемшіліктеріне байланысты қайтарылған немесе қалай тіркелуді, оқуды білмейтіндерге зерттеу, талдау, жазуға бағыт бағдар беру;
— Салық есептіліктерін тапсыру жолдарын үйрету, т.б.;
— Алаяқтық схемалар жәңе қаржы пирамидалар туралы;
— Мемлекеттік қолдаудың жеңілдіктері туралы.(гранттар қаржыландыру кепілдіктер) мәселелері қамтылатын болады.
Кез – келген оқуға ниет білдірушінің жобаға қатысуға мүмкіндігі бар. Ол үшін төменде көрсетілген нөмірлерге хабарласу арқылы тіркелуі қажет.
Whatsapp: +7 771 893 80 14
+77079317512
Жұмыс телефоны: + 7 72 531 20712

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТУДЕ

Алдыңғы

Ауыл мектептері ғылыми және STEM зертханаларымен толығады

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *