Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Сауран аудандық Аналар кеңесінің, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, ішкі саясат бөлімдерінің ұйымдастыруымен Оранғай ауылдық мәдениет үйінде «Өнегелі әке» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – ер-азаматтардың қоғамдағы бет-бейнесін, кескін-келбетін, шешендік сөйлеу өнерімен аз сөзбен көп мағына танытуын дәріптеу. Сондай-ақ әкенің алғырлығын, зеректігін, тапқырлығын көрсету болатын.
Жалпы байқауға Шорнақ, Жібек жолы, Оранғай, Жаңа Иқан, Бабайқорған, Үшқайық ауылдық округтерінен 60-75 жас аралығындағы үміткерлер қатысты. Тәрбиелік мәні зор іс-шара V кезең бойынша ұйымдастырылды. Сайыста қатысушылар өзін-өзі таныстырып, мақал-мәтел жарысында бақ сынап, өзінің және ұрпағының қоғамдағы орны, белсенділігі жөнінде айтып берді. Сонымен қатар, бата жасау, ұлттық өнерге қатысты өздерінің шығармашылық бейнесін таныстыру сайыстарында өз шеберліктерін көрсетті.
Сайыс қорытындысында Оранғай ауылдық округінен қатысқан Жұмағали Бекмұрзаев «Өнегелі әке» номинациясына лайық деп танылды. Ал «Мейірімді әке» номинациясын Абай Бабашев (Шорнақ а/о) және «Қайсар әке» номинациясын Әлжанов Нұржан (Жібек жолы а/о) иеленді. Сондай-ақ «Батыр әке» номинациясы Өтеген Орынбекке (Бабайқорған а/о), «Үлгілі әке» номинациясы Болатхан Қаражігітовке (Жаңа иқан а/о) бұйырды. Үздік шыққан номинация иегерлеріне бағалы сыйлықтар табыс етіліп, Алғыс хаттармен марапатталды.
Comments