Жаңалықтар

МАЛ САТУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 16 тамыз күні Еңбекші ауданы, Базарқақпа тұрғын алабы Абдулабад көшесі №56 мекенжайында орналасқан «Басымбек ата Сайрам» мал базарының жұмысына зерделеу-түсіндіру жүргізу мақсатында арнайы жиын өтті.

Оған құзырлы басқармалардың және аумақтық инспекциялардың өкілдері қатысты.

Қазіргі таңда аптаның әр жұма күні бұл базарда мал ретсіз, қадағалаусыз сатылып жатыр. Сонымен қатар ветеринариялық-санитарлық талаптарға қайшы және жердің нысаналық мақсатына сай емес пайдалануда.

Бұл өз кезегінде аумақта эпизотиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге кері әсір етіп, адам өмірі мен қоршаған ортаға аса қауіпті аурулардың пайда болуына алып келуі мүмкін. Бұл жағдайға жол бермеу мақсатында, мал саудасына тыйым салу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

А.БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ №50 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ҚҰРЫЛЫСЫ БІТУГЕ ЖАҚЫН

Алдыңғы

АСАР-2 ЕЛДІ МЕКЕНІ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *