ЖаңалықтарҚоғам

ҚОСТАНАЙҒА КӨМЕК: ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚХА МҮШЕЛЕРІ БІРЛІК ТАНЫТТЫ

Қостанай өңіріндегі алапат өрттің зардабынан жапа шеккендерге көмек қолын созу жұмыстары әлі де жалғасуда. Күні кеше ғана Шымкенттен гуманитарлық көмек керуені жолға шықты.

Көмек беруде қалалық этномәдени бірлестіктердің, ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың төрағалары мен мүшелері де қалыс қалмады.

Шымкент қаласындағы этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдар, сондай-ақ Аналар кеңесінің тарапынан жалпы көлемі 2 миллионан астам қаржылай көмек белгіленген арнайы шотқа аударылды.

Сонымен қатар, киім-кешек, азық-түлік, гигиеналық құралдар, төсек-орын жабдықтары, құрылыс заттары жиналды.

Қиналған сәтте бірігіп, бауырмалдылық көрсетуде ісімізді жалғастыра береміз дейді, аталмыш бірлестік мүшелері.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аясында «Тіл-мемлекеттің тұғыры» тақырыбында диктант жазу шарасы өткізілді.

Алдыңғы

ТҮРКІСТАННАН ҚОСТАНАЙҒА 100 ТОННАДАН АСА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *