ЖаңалықтарҚоғам

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ ШЫМКЕНТТЕГІ «ТЕҢ ҚОҒАМ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ  

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева Шымкент қаласындағы «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығының жұмысымен танысты.

«Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығы «бір терезе» қағидасымен 5 бағытта қызмет көрсетеді. Мұнда дәрігер мен психолог жұмыс істейді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыруға баса назар аударылған. Сондай-ақ, бұл жерде мүмкіндігі шектеулі азаматтар әлеуметтік порталдың қызметін өз бетінше алуды үйренуіне болады.

—Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсету – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі. Бүгінде мемлекеттік жәрдемақымен қоса медициналық оңалту және ем түрлері көрсетіледі. Әлеуметтік портал арқылы көмекші құралдармен толық қамтамасыз етілуде. Оған қоса Парламентте мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қорғауға бағытталған заңнаманы желтілдіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Сессияаралық демалыс кезінде осы жұмыстың нәтижесі қалай болып жатқанын көру үшін өңірлерді аралап жатырмыз, — деді сенатор.

Айта кетейік, халық қалаулысы қаладағы әлеуметтік қамсыздандыру, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өзекті сұрақтары және оларды шешу жолдары, әлеуметтік мәселелерлерді талқылауға арналған дөңгелек үстел мәжілісіне қатысты.

«Шымкент келбеті» — Айдар ҚҰЛЖАНОВ, фото: Серік ҚОСАЕВ.

АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Алдыңғы

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *