Түлкібас аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында аудандық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің II-тоқсандағы кезекті отырысы өтті.
Аталған жиынға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Түлкібас аудандық филиалы, Аналар кеңесі төрайымы мен мүшелері қатысты.
Кеңес отырысының күн тәртібінде мына мәселелер қаралды.
- Түлкібас ауданының жастары арасындағы зорлық зомбылықтың алдын алу шаралары
- Түлкібас ауданындағы мұқтаж отбасыларына көрсетіліп жатқан көмектер
- Бақытты жанұя – бақытты ел.
Күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес зорлық зомбылықтың алдын алу жөніндегі баяндамаға және аудан бойынша мұқтаж отбасыларына атқарылып жатқан жұмыстарға бірқатар ұсыныстар айтылып, пікірлер тыңдалды.
Comments