Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасы бойынша мегополисте санитарлық тазалау жұмыстары күшейтіліп, төрт аудан аумағында тазалық жұмыстары тұрақты түрде атқарылып келеді. Бүгінде Еңбекші ауданы аумағындағы көшелердің жол бойын жиек тастар жанын жуу, сыпыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ирригациялық арықтар аумағы, жаяу жүргіншілер жолы кестеге сәйкес тазаланды.
Айта кету керек, қала тазалығы басты мәселе, сол себепті де аудан аумағындағы тазалық жұмыстары аудан әкімі аппаратының толық бақылауында болады.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Comments