«Ежелден ел тілегі – ер тілегі, адал ұл ер боп туса – ел тірегі» деген. Әр азаматтың бойында адамгершілік, батылдық, шыдамдылық, төзімділік қасиеттері қалыптасады. Осының бәрі мен ерекше қадырлейтін Арыстанбектің бойында бар. Ол елдік, ұлттық мүддеге терең тамыр жіберген қазақтың дара, әрі сара перзенті. Отаншылдық міндетті түрде тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін көрсетеді десек, оның өзі еңбекте табыстарға жету үшін, қоғамға, ел жұртқа, халыққа қызмет ету үшін, барын салатын, айрықша серпінмен еңбек ететін! Ол кезінде талай адамға жақсылық жасап, өзінің дархан мінезді азамат екенін таныта алды. Сондықтан да мен Арыстанбекті айрықша бағалаймын. Соған орай оның жұлдызы шындық пен парасат биігінде жана беруіне тілек қосамын!
Мұхтар ШАХАНОВ,
Қазақстанның халық жазушысы, Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны.
Comments