ЖаңалықтарҚоғам

АСАНӘЛІ ӘШІМОВ: «ОЛ РУХЫ МЫҚТЫ АЗАМАТ»

КСРО Халық әртісі Асанәлі ӘШІМОВ:

Арыстанбек Мұхамедиұлы адал, инабатты, көпшіл азамат. Мойындауымыз керек, ұлттық мүдде дегенде жанын салады. Бір басына жететін күш-қуаты да, қауқары да бар, бірақ оның өн бойында бұлқынған бұла күш не дегенде, ұлттық рухы дер едім!

Ол не көрмеді деңіз. Қай салада жүрмесін жұмысты өндіріп істейтін адамдардың жауы да көп болады екен. Дәл қазіргі кезде Арыстанбектің жеке басында болып жатқан оқиға әлдекімдердің агрессиясынан, адамға жат пиғылдарынан туындап жатқан кесапат. Әдетте мұндай жағдай жабайы қоғамда орын алушы еді. Өкінішке орай біз мұны өркениетті елде көріп отырмыз. Қайталап айтайын ол рухы мықты азамат! Кез келген өмірдің теперішін көтере алады. Алған беттен қайтпайтын қайсар мінезі арқасында ол бұл сынақтан да сүрінбей өтетініне сенімдімін.

Жала жабудың не екенін мен жақсы білемін. Менің де атымды былғағысы келген адамдар бар болатын. Сатқындықты да көрдім, алауыздық та көрдім, жауыздықты да көрдім. 80-жылдардың соңында мен Әуезов атындағы театрды басқарған едім. Театр оппозияциясы Орталық комитетке домалақ арыздарды дөңгелетіп жатты. Өзімнің еңбегіммен жеткен атақ-даңқтарымды теріске шығарып, мемлекеттік сыйлықты тамыр-таныстықпен алды дегендер де болды. Менің үстімнен осындай арыздарды жазған адамдар бүгінгі күні бетпе-бет кездесе қалғанда өздерін жайсыз сезінеді, түр-әлпеттерінен кінәлі екендері айқын аңғарылады. Өмірде бәрін кешіруге болады, бірақ сатқындықты, жауыздықты кешіре алмайды екенсің. Менің табиғатымда біреу-міреумен өштесетін, қақтығыс  іздейтін қасиет жоқ.

Арыстанбек Мұхамедиұлы дәл қазір психологиялық тұрғыдан жан-жақтан төпелеп жатқан шабуылдардың бетін қайтарып жатыр. Әлеуметтік желілер, газеттер, теле-каналдар жерден жеті қоян тапқандай бұл оқиғаны әркім өздерінің ыңғайына қарай бұрқ еткізіп тұтатып жатыр. Меніңше ол өзінің адал аты үшін, елі үшін,   ұлты үшін бұл күресте де жеңімпаз болып шығатынына кәміл сенемін.

САУРАНДА «КӨРЕГЕНДІ ЕНЕ МЕН ИБАЛЫ КЕЛІН» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Алдыңғы

АРЫСТАНБЕК ҚАЗАҚТЫҢ АРДА АЗАМАТЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *