Бүгін Түлкібас ауданында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абилфас Хамедов референдум өткізуді қолдау мақсатында тұрғындармен кездесті.
Жиынға Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Марат Жанесен, облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева, Түлкібас аудандық ҚХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктер, жастар ұйымдары жетекшілері мен мүшелері қатысты. Кездесу барысында Мәжіліс депутаты алдағы референдум ел дамуының жаңа кезеңі екенін атап өтті.
– Референдум — еліміздің болашағын айқындайтыны сөзсіз. Бұл реформалардың мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, демократиялық процестер қарқынын үдету, елдегі бірлік пен ынтымақты бекемдей түсу. Сондықтан да біз саяси реформалардың қажеттілігі мен маңыздылығын түсіндіру үшін ерекше күш салуымыз керек, – деді депутат. Жиынға қатысушылар референдумды өткізу шешіміне қолдау білдіріп, сұрақ-жауап түрінде пікір алмасты.
Сапар аясында халық қалаулысы «Майлыкент» сүт зауытының жұмысымен танысты.
Comments