Әдебиет

СОЛ ЕЛГЕ БОЛҒЫН, СЕН БІР БАҚ

Анама арнау

Айналайын қара қызым деп,

Жалғайсың аналар ізін деп,

Ұшырдың баптап ұядан

Қайрылма артқа қарама.

Бақ болып барғын еліңе,

Аналық жүрек сөзім деп,

Қиналсаң қызым жылама.

Сүрінсең-дағы құлама.

Арманға үміт артып ап,

Алға ұмтыл балам,

Алладан сабыр сұра да!

Жылама қызым, жылама.

Жылағаннан пайда жоқ

Суалтпа бекер көзіңді.

Ұнатар өмір қарағым,

Сабырлылық пен төзімді.

Есімде сақтап келемін,

Деп айтқан ана сөзіңді

Сол елге болғын, сен бір бақ,

Бесігін тербет, отын жақ.

Аналық айтқан тілегің

Құлағымда тұр сыбырлап.

Сабақ ап әрбір сөзіңнен,

Келемін ана ізіңмен.

Айтпағын ұғу көзінен,

Үйрендім ана өзіңнен .

Бүгінгі күнде ана боп,

Балама менде пана боп,

Үлгі етіп әрбір сөзіңді,

Қаратпай жерге жүзіңді.

Отынын жаққан өзгенің

Мақтан ет ана қызыңды.

АСЫЛДАРЫМА

Дүниеде біл сенің үш ғана асылың бар,

Сол жандардың батасын алуға асығыңдар,

Көтерсең көңілін, ұзарар өмірің,

Бірі сенің анаң болса,

Ақ сүт беріп мәпелеген.

Бірі ол — әкең болар,

Өмірді көрсетіп,тек алға жетелеген.

Апаң мен сіңлің болса,

Ол сенің мейманың,

Қалдырсаң көңілін,

Қалмағаны сенде ар мен иманның.

Біле білсең сенің анаң —

Өмірдегі тірегің.

Дүниедегі бар жақсыны,

Саған ғана, саған ғана тілеген.

Ал әкешің — ақылшың, сүйенішің,

Адал болып өсуіңді сүйеді шын.

Өз жанын да қияр саған қауіп төнсе,

Бір сенің амандығың, бақытың үшін.

Нәзира МҮСІЛІМҚЫЗЫ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Алдыңғы

ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *